$ 494.87  520.65  4.91

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Алматыдағы ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы лаңкес-салафит Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесті. Бұл туралы Informburo.kz тілшілері хабарлап отыр.

"Сот Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесті", - деді судья Ербол Болатов үкімді оқу барысында.

Соңғы сот отырысына Руслан Күлекбаевті сақалын қырып алып келген.

Айта кетейік, лаңкес деп танылған Руслан Күлекбаев 10 адамды атып өлтірген. Оның сегізі құқық қорғау органдарының қзметкері болса, екеуі бейбіт тұрғын. Тағы үш адамды өлтіруге оқталған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы: "Террористік акт", "Кісі өлтіруге оқталу" және "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды.

Айта кетейік, 27 қазанда соттағы соңғы сөзінде Күлекбаев кез-келген жазаны қабылдауға дайын екенін, жасаған қылмысы үшін өкінбейтінін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары