$ 498.34  519.72  4.85

Б.Сағынтаев педиатрлық факультеттерді қайта ашуды тапсырды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев дәрігерлік қателіктің соңы үлкен қасіретке әкеліп соғатынын ескертті. Әсіресе, ана мен бала денсаулығына жіті көңіл бөлу керектігін айтқан Үкімет басшысы еліміздегі медициналық оқу орындарында бұған дейін жабылып қалған педиатрлық факультеттерді қайта қалыпқа келтіруді тапсырды.

Сағынтаев әсіресе балалар дәрігерлеріне артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін айтып отыр. "Медициналық кадрлардың даярлығына, әсіресе, балалар дәрігерлерін, педиатрларды дайындауға көңіл бөлуіміз керек", - деді үкімет басшысы.

Премьер-министр Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке медициналық оқу орындарында педиатр факультеттерін қайта ашуды тапсырды. Жаңа оқу жылынан бастап аталған білім орындарында жаңа кадрлар даярлана бастауы тиіс.

"Бұл мәселеге келгенде эксперимент жасаудың қажеті жоқ", - деді Б.Сағынтаев реформашыл министрлерге қарап.

Айта кетейік, еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарында педиатрлық факультеттердің барлығы 2007 жылы жабылып қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары