$ 498.34  519.72  4.85

ҚазҰУ өрттен қаза тапқан студенттердің туыстарына $1000 көлемінде материалдық көмек береді

Қазақ Ұлттық университетінің басшылығы Almaty Towers ғимаратында болған өрттен қаза тапқан екі студенттің отбасына көмек ретінде 340 мың теңгеден беретін болды.

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті ғимаратында бүгін қаралы күн. Өрт салдарынан қаза тапқан Еламан Айдаралиев пен Нұрлыбек Сартбаевтың портреттері ғимараттың кіреберісіне қойылған. Еламан "ядролық физика" мамандығы бойынша білім алса, Нұрлыбек энергетика мамандығында оқыған екен. Екеуі де жатақханада өмір сүрген.

Марқұмдардың туыстарына қаралы хабарды естіртіпті. Олар қазір Алматыға Байсерке ауылынан және Шымкенттен келген.

"Қайтыс болғандардың отбасына 340 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілетін болады", - делінген ҚазҰУ өкілдері таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Almaty Towers бизнес-орталығында болған өрттен 6 адам қайтыс болған еді. Олардың бесеуі студент жастар. Барлығы да сағатына 500 теңгеге жалданып жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары