$ 498.34  519.72  4.85

Ақтаулық студент қазақ тиындарының коллекциясын жинайды

Ақтау қаласының тұрғыны Артем Рахматуллин Чехияның Брно қаласындағы техникалық университеттің «Машина жасау» факультетінің студенті атанғалы қазақстандық тиындар коллекциясын сақтап келеді әрі оны бірегей деп санайды.

«Менде 1993 жылы шыққан 27 тиын мен 20 және 50 теңгелік 10 монета бар. Барлық қазақстандықтар үшін атаулы даталармен бейнеленген ескерткіш болып табылады. Ол арқылы мемлекетіміздің төл тарихын анықтауға болады: бұл 1995 жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдығына, 1996 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 5 жылдығы, 1997 жылы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл және сол жылы Бейбітшілік және еске алу жылына арналған тиындарды атап өтуге болады. 1999 жылы Қаныш Сәтпаевтың 100 жылдығына арналып шығарылған монета да жоқ емес. Сол жылы, яғни 1999 жылы миллениум құрметіне арналып тиын құйылған.  Ол да менің коллекциямда тұр. 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдығына, ал 2001 жылы - ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап тиын жасалды. Менің коллекциямдағы соңғы тиын - Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл болғанда, 2002 жылы жарық көрген монета. Кейіннен осындай ескерткіш тиындарды жұртшылыққа арнап шығармай қойғаны өкінішті, ал қазір банктерде сатылуда», - деді Артем Рахматуллин.

Артем Ақтау қаласындағы 14-мөлтек ауданда орналасқан №1 орта мектебін аяқтаған. 2015 жылы Чехияға аттанып, бір жылдың ішінде чех тілін меңгереді. Тіл емтиханын сәтті тапсырып, орта мектепті аяқтағаны туралы қазақстандық аттестатты нострификациялап, оқу орнына түсу емтихандарынан сүрінбей өтеді. Қазір тегін білім алуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары