$ 494.87  520.65  4.91

«Сауап емес, күнә»: Имам желіде анасының аяғын жуып, жариялайтындарды сынға алды

Имам ананың батасын, ризашылығын алу мен аяғын жуып оны желіге салу екі түрлі дүние екенін ескертті.

Имам Нұржан Байжігітұлы желіге анасының аяғын жуып жүктегендерді сынап, мұның сауаптан көрі күнәға жақын әрекет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz. 

Имам ананың батасын, ризашылығын алу мен аяғын жуып оны желіге салу екі түрлі дүние екенін ескертті. 

“Шетелдік біреу бастап керек. Бәлкім ол өз анасының аяғын жуып желіге салып, сол арқылы баршаға үлгі көрсеткісі келген шығар. Алайда оған қарап, сәнге айналдырып, таласа Instagram-ға салу дұрыс емес. Егер шын ниетпен ана разылығын аламын деп ниеттенсең, көрсетпей жаса”,- деді Нұржан Байжігітұлы.

Имам осы тұста аяғын жуып батасын алатын аналары жоқ жандардың да бар екенін алға тартып, олардың да көңілін ойлауға шақырды.

Имам бұдан бөлек желіде анасының аяғын жуып, өмірде анасына сый түгілі басқалай мінез көрсететіндерді де көріп жүргенін жасырмады.

“Аяғын шешіп, саны мен балтырын бүкіл дүние жүзіне көрсету сауап емес, күнә. Ананың батасын алу аяғын жуу емес. Осыны түсініп алу керек. Сосын қажылыққа апардым, шуба, брилиант әпердім деп міндет қылу дұрыс емес",- деп қосты Нұрлан Байжігітұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары