$ 494.87  520.65  4.91

«Аспан түстес куртка киген»: Куәгерлер әйелдің басын дүкенге тастап кеткен адамды сипаттап берді

Сұмдық қылмысқа барған, онымен қоймай, базарда бас салынған пакетпен емін-еркін тайраңдаған күдікті қолға түспеді.
Фото: Видеодан алынған кадр/ КТК
Фото: Видеодан алынған кадр/ КТК

Бүгін Алматыда болған жантүршігерлік жағдайға қатысты куәгерлер өз ойын айтты. Олар әйел адамның басын пакетке салып, дүкенге тастап кеткен күдіктіні сипаттап берді, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бетперде киген бәзбіреу адамның басы салынған пакетті базарға тастап кеткен. Шұжық дүкенінің сатушылары затын ұмытты екен деп, ер адамның соңынан сыртқа шықса, ол ізім-ғайым жоғалған.

Пакеттің ішіндегі басты көрген саудагерлер бірден полиция шақыртқан. Ал марқұмның денесі басқа жерден табылды. Алдияр Әбиболла – күдіктіні өз көзімен көрген куәгердің бірі.

«Осы жерде жүрді күдікті, очки киіп алған, маскада. Көк аспан көк бар ғой, сондай курткамен ары-бері жүрген еді. Пакетті ол біздің көрші дүкенге, сол жерге тастады. Дүкеннің ішіне тастады. Сосын сыртта тексеріп ашып қараса, адамның басы екен», – дейді саудагер Алдияр Әбиболла.

Күдікті қолындағы пакетті шамамен түскі 12 шамасында шұжық сататын дүкенге тастапты. Оған дейін базар ішін арлы-берлі 3-4 рет айналып жүрген көрінеді. Пакетті ашқанда ішіндегі басты көріп, шалқасынан түсе жаздаған сатушы әлі өз-өзіне келе алар емес. Сұмдық қылмысқа барған, онымен қоймай, базарда бас салынған пакетпен емін-еркін тайраңдаған күдікті қолға түспеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары