Маңғыстауда 11 жасар қыз ұйқысырап жүріп (айкезбелік) 12 және 19 жастағы екі әпкесін пышақтап тастады деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 14 сәуірде сағат 04:30 шамасында Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде болған.
11 жасар кәмелетке толмаған қыз апаларын ас үй пышағымен жарақаттаған.
«Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі әлі ауруханада.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.