$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

Төрт жасар бала жақын жердегі ауруханаға – стационарға жеткізілді
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодарда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті. Шақырту Целинная көшесіндегі үйден түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:41-де шақыртуға жеделдіктің бірінші санаты бойынша жіберілген жедел жәрдем оқиға орнына үш минутта жеткен.

«Төрт жасар бала жақын жердегі Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға – стационарға жеткізілді»,  – деді станцияда. 

Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары