Алматы облысында өткен мерекелік іс-шарада әкімдіктің қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, кеше 30 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өтті. Ауқымды іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бірі өзін нашар сезінген. Тауда кезекшілікте болған фельдшерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда ер адам есін жимастан қайтыс болды. Алматы облысының әкімдігі марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істегенін мәлімдеді. Сол күні ол мерекелік шараға демалушы ретінде барған.
«Асы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау. Осы жайт оның денсаулығының нашарлауына себеп болуы мүмкін. Әріптестің қазасы – ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі», – деп хабарады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.