Ақтөбеде жаңбырға қарамастан, қоқыс полигоны өртке оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агентігі.
Полигонда 2015 жылдан бастап қайта-қайта өрт болады. Биыл Ақтөбені полигондағы өрттің салдарынан түтін жапты.
"Бүгін шамалы түтіндеп, бірнеше сағаттан кейін жалын өршіп кетті. Мұнда өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Жел Қорайлы ауылына қарай соғып жатыр, сондықтан ауыл тұрғындарына терезелерді жабуды ұсынамын. Болжам бойынша түнде желдің бағыты өзгеріп, түтін қалаға қарай жылжиды. Сондықтан ақтөбеліктерге де түнде терезелерді ашық қалдырмауға кеңес беремін", – деді “Ақтөбе, дыши!” еріктісі Евгений Лазарчук.
Олар қоқыс полигонын толтыру арқылы жыл соңына дейін мәселені біржола жойғысы келеді.