02.07.2023, 05:30

Жетісу облысында жол апатынан зейнеткер көз жұмды

Фото : Жетісу облыстық полиция департаменті
40 жастағы әйел рөлді тізгіндей алмай қалған.

Алматы-Өскемен тасжолының 208-шақырымында Toyota Camry жол бойындағы металл қоршауға соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, шетелдік көліктің жүргізушісі 40 жастағы әйел рөлді тізгіндей алмай қалған. Салдарынан оқиға орнында 73 жастағы әйел көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжанып отыр.