$ 498.34  519.72  4.85

Оралда дәретхана шұңқырынан 2 жасар қыздың мәйіті табылды

Бұл факт полицияда жазатайым оқиға ретінде тіркелді.
Фото: instagram.com/roso_kazakhstan
Фото: instagram.com/roso_kazakhstan

Оралда екі жасар сәби дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бала өз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап кеткен.

Оқиға 21 шілдеде сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болды. Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы көше дәретханасынан 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды, - дейді ведомство.

Полицияның айтуынша, ол үйінің ауласында ойнап жүрген.

Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген балалар дереу ата-анасына айтқан. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған, - дейді полиция.

Бұл факт полицияда жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары