Қазір қызға психологиялық көмек көрсетіліп, адвокат жұмыс істеп жатыр.
Алматыда 18 жасар қызды 4 еркек зорлаған. Бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі қордың әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған жағдайға Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерекке байланысты Жетісу ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бір күдіктінің жеке басы анықталды. Одан бөлек, тергеу шаралары қабылданып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Дина Таңсәрінің жазуынша, аталған жағдай осы жылдың 16 қарашасынан 17 қарашасына қараған түні болған. Төрт ересек адам қызды зорлаған.
Қыз бала 17 қарашаға қараған түні әпкесімен және оның досымен дүкенге кеткен. Кері қайтар жолда әпкесінің досының жағдайы нашарлап, жолай көлік тоқтап, оларды жеткізіп тастауды ұсынған. Әпкесі мен досы көліктен шығып кеткен кезде жүргізуші оларға бірнәрсе тастап кеткенін айтқандықтан, қыз бала қайтадан келген. Сол сәтті пайдаланып, жүргізуші қызды итеріп, көлікке салып, алып кеткен.
Қазір қызға психологиялық көмек көрсетіліп, адвокат жұмыс істеп жатыр. Бірақ неліктен зорлаушыларды таба алмағаны белгісіз. Камералар көліктерді түсіріп алғандықтан, суретті үлкейтіп, жүргізушіні нөмір арқылы анықтауға болады», - дейді ол жазбасында.