Өрт кезінде 1994 жылы туған ер адам қайтыс болды.
Шымкентте газ жарылып, 29 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Otyrar.kz жазуынша, қайғылы оқиға бүгін, 14 желтоқсан күні сағат 11-де Қызылжар шағынауданында болған.
Үйдегі өрт салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған.
Өрт кезінде 1994 жылы туған ер адам қайтыс болды.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтың электр тұрақтандырғышының немесе жылыту қазандығы жанындағы сымның өртенуі, содан кейін жылыту құрылғысының еруі газдың сыртқа жайылуына және кейіннен жарылысқа әкеп соқтырған.