$ 444.14  477.05  4.85

Алматы маңындағы ауылдың бірінде газ жарылды, 4 адам зардап шекті

Жарылыс ауа-газ қоспасының жарылуынан пайда болды.

Фото: Instagram/almobl_akimat
Фото: Instagram/almobl_akimat

Алматы маңындағы Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға бүгін, 17 желтоқсанда сағат 06:15-те Байтұрсынов көшесінде және 08:20-да Сүйінбай көшесінде болған. 

Әкімдіктің мәліметінше, жарылыс ауа-газ қоспасының жарылуынан пайда болды.

Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті,олар ауруханаға жатқызылды. Алдын ала себеп - табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы. Себебін анықтау үшін оқиға орнына мамандар жіберілді. Аудан әкімі Таңат Айдарбеков оқиға орнына барып, зардап шеккен отбасылардың жағдайымен танысты. Сондай-ақ, Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппаратына және аудандық төтенше жағдайлар бөліміне алдын алу шараларын ұйымдастыру, тұрғын үйлерді аралау және тексеру тапсырылды, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары