Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Павлодар облысында жол апаты болып, жолаушы мерт болды. «ВАЗ-21093» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Екібастұз - Батыр бақылау пункті автожолының 18 шақырымында болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Алайда, жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды, – деді департаментте.
ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.