Баланың туыстары қайғылы оқиғаға онлайн ойын себеп болуы мүмкін деп отыр.
Қарағандыдағы Гапеев көшесі бойындағы жаңа ғимараттың жетінші қабатынан 10 жасар бала құлап көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Баланың туыстары қайғылы оқиғаға онлайн ойын себеп болуы мүмкін деп отыр. Бала мобильді қосымша арқылы ойын ойнаған.
Балада өмірімен қоштасқысы келетіндей ешқандайда белгілер байқалмаған, өйткені ол белсенді және көпшіл болған. Отбасы бұлай болады деп еш ойламаған, деп жазды Press.kz.
Қазіргі уақытта полицейлер баланың өлімін тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.