22.12.2023, 21:30

Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті: қаза тапқандар бар

Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Оқиға Райымбек даңғылының бойындағы №7 аурухананың алдында  болған. 

Алматыда автобус бір топ адамды жапырып өтті. Куәгерлендің сөзінше, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің сөзінше, үш адамның қаза тапқаны хабарланды.

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, оқиға Райымбек даңғылының бойындағы №7 аурухананың алдында  болған. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.