30.12.2023, 15:30

Ақтөбеде 32 адам отырған автобус аударылып қалды

Фото: Ақтөбе обл. ТЖД баспасөз қызметі

Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағыты бойынша жолға шыққан.  

29 желтоқсан күні сағат 18:50-де Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағыты бойынша жолға шыққан. Оқиға орнында құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады.