02.01.2024, 15:30

СҚО-да түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты

Фото: polisia.kz

Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрайды.

 

Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты. Олардың арасында кішкентай бала да бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 қаңтар күні шамамен сағат 13:21 -де СҚО Булаево ауылы Целинная көшесі 7 мекен-жайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйде өрт болғандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеру барысында пробация аға лейтенанты Ғалымжан Байбусин үй тұрғындарына көмек көрсетіп, түтін басқан үйден 6 адамды алып шықты, оның ішінде кішкентай бала да бар. Сонымен бірге офицер өртті оқшаулауға көмектескен. Өрт салдарынан пәтердегі терезе саңылауы зақымдалды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрайды.

Өрттің алдын ала себебі – стокерге жақын орналасқан пластикалық терезенің тұтануы.