Зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Зардап шеккендер жоқ.
Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан, – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.