Жалынмен күреске жеке құрамнан 30 адам және 8 техника жұмылдырылды.
Өскемен қаласында қоғамдық моншада шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, қаладағы Якутская көшесінде жеке тұрған екіқабатты монша өртенген. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер ішке кіріп, барлау жүргізді.
Белгілі болғандай, жертөледегі бу бөлмесінің ағаш құрылымдары отқа оранған. Моншаға келушілер өз беттерімен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккен ешкім жоқ, – делінген ақпаратта.
Көп ұзамай жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды.
Жалынмен күреске жеке құрамнан 30 адам және 8 техника жұмылдырылды.