$ 498.34  519.72  4.85

«Өзіне оқ атқан»: Әскери колледж кадеті мерт болды

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ жарақатын жасау нәтижесінде мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады",- делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары