$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев соты: Куәгерлер алқаби мен заңгерлерге арқасын беріп, жүзін көрсетпей тұрған

Ал Жоғары Соттың баспасөз қызметі Бишімбаев ісі бойынша келесі тыңдалым 1 сәуірге белгіленгенін жариялады. 

Фото: Жоғары сот
Фото: Жоғары сот

Кешегі Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилердің қатысуымен өткен кезекті сот отырысына заңгерлер Жанна Мұхамеди мен Джохар Өтебеков өздерінің көңілі толмағанын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәбірленуші тарапының адвокаты Жанна Мұхамеди әлеуметтік парақшасында сот отырысына көңілі толмағанын, олардың сотта еркін сұрақ қоюына мүмкіндік берілмегенін айтып, қынжылды.

«Бұл өте ұзааақ күн болды...

Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша жүріп жатқан сот сағат 10.00-ден 18.30-ға дейін, яғни күні бойы жалғасты, тек түс мезгілінде аз ғана уақыт үзіліс болды.

Біз Алия Омарова екеуіміз рейсімізді үш рет кейінге шегердік. Әлі ұшып кете алмадық. Эмоция өте көп және барлық эмоциямыз жағымсыз реңде.

Сот еш негізсіз біздің іске тікелей қатысы бар сұрақтарымызды алып тастап отырды. Бірақ кезек біздің клиентіміз Айтбек Амангелдіге келгенде өте орынсыз және тұрпайы сұрақтарды алып тастамады, біздің сұрауымыз ескерілмеді.

Біз процестің басынан аяғына дейін куәгерлердің арқасынан қарап отырдық. Олардың бетіне тіке қарап, сұрақ қою мүмкіндігіміз болмады. Алқабилер де олардың жүзін, эмоциясын көре алмады, өйткені куәгерлер оларға да арқасын беріп тұрды», - деп жазды адвокат.

Адвокаттың айтуынша, куәгерлердің түрін көруге және сұрақ қоюға ыңғайлы болатындай етіп трибунаны жылжытуға қатысты өтініштеріне ешкім құлақ аспаған.

Ал заңгер Джохар Өтебеков куәгерлердің маскамен шығып, шынайы эмоциялары мен жүзін жасыруы алқабилердің шешім қабылдауына кедергі тудыратынын айтты. Сондай-ақ прокурордың куәгер сөзін қайталап оқығанда бұрмалап жеткізгенін және сонысымен алқабилер алдында қылмысты жеңілдетуге тырысқаны сезілгенін де жасырмады. Суреттер заңгердің әлеуметтік желісінен алынды.

Джохар Өтебековтың Facebook парақшасынан

Ал Жоғары Соттың баспасөз қызметі Бишімбаев ісі бойынша келесі тыңдалым 1 сәуірге белгіленгенін жариялады.

Түске дейінгі отырыста сот зардап шеккен тараптың айғақтарын тыңдады.

Түстен кейін процесс куәлерден іс бойынша жауап алумен жалғасты. Барлығы 4 куәдан жауап алынды.

Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 1 сәуірінде сағат 10:00-ға белгіленді, деп мәлімдеді Жоғары сот баспасөз қызметі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бишімбаев соты: тікелей эфир (ВИДЕО)

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары