$ 441.66  475.14  4.86

«Қайрат» – «Ақтөбе» матчы: Жанкүйерлер билеті болса да стадионға кіре алмаған (ВИДЕО)

Кейбір куәгер бұл стадионға «билетсіз кірген» жанкүйерлердің кесірінен болған деп есептейді.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

20 сәуірде Алматыда  «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтарының арасында кездесуі өтті. Сол ойын кезінде кейбір жанкүйерлер билеті бола тұра стадионға кіре алмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде билеті бар көптеген жанкүйерлердің матчқа кіргізілмегені туралы бірнеше шағым пайда болды.

Матч басталар алдында стадион сыртында халық жиналғаны хабарланды. Барлық орындар толтырылған соң күзет қақпасын жауып, билет сатып алған және басқа қалалардан келген жүздеген жанкүйер ойынды тамашалау мүмкіндігінен қағылған. Кейбір куәгер бұл стадионға «билетсіз кірген» жанкүйерлердің кесірінен болған деп топшылайды.

Желіде жылап жатқан мектеп оқушысының видеосы тарап жатыр. Бір видеода жиналғандар «Ашыңдар» деп айғайлаған.

Еске салсақ, бұған дейін «Ақтөбе» тоғыз жылда бірінші рет сырт алаңда «Қайратты» ұтқанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары