$ 474.62  517.19  5.39

Елордада дәмханалардың бірінде газ баллондары жарылып, алапат өрт болды (ВИДЕО)

Байқоңыр ауданында донер кафесі өртенді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада тамақтану орны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖМ мәліметінше, Байқоңыр ауданында донер кафесі өртенді

"Төтенше жағдай орнында елордалық құтқарушылар жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сағат 19:08-де донерханадағы өрт жойылды. Алдын ала өрт аумағы 80 шаршы метрді құрайды.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өртті сөндіру кезінде газ баллондары 4-5 рет жарылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары