$ 443.44  480.51  4.88

«Көл жағасында ойнап жүрген»: Алматы облысында балаға оқ атылған

Науқас қабылдау бөлімінен шұғыл түрде операциялық бөлімге ауыстырылған.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 16 сәуірде облыстық балалар клиникалық ауруханасына 2011 жылы туған, кеуде қуысындағы оқ жарақатымен науқас жеткізілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Тексеру кезінде оң жағындағы кеуде аймағында оқ болған. Атыс болған кезде үйдің жанындағы көл жағасында ойнаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Науқас қабылдау бөлімінен шұғыл түрде операциялық бөлімге ауыстырылған.

"Операция жасалды: торакоскопия, ревизия, кеуде қуысын санитарлық тазарту, бөтен денені алып тастау(оқ), дренаж. Оқ оң жақтағы кеуде қуысы арқылы өтіп, өкпенің тіндерін зақымдап, иық пышағының төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралыққа жабысып қалған. Нақты және жедел әрекет еткен дәрігерлердің арқасында кішкентай баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салсақ, Алматы облысының Көксай кентінде әскери міндеттерін орындап келген сарбаздарды ерекше күтіп алмақ болып, достары атыс ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары