21.05.2024, 02:30

Желіде Ирандағы тікұшақ апатына қатысты видео тарады

Фото: t.me/isna94

Жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, марқұмдардың денесін іздеу жұмыстары аяқталды. Қаза тапқандардың барлығының денесі апат орнынан Тебризге жеткізіледі.

Әлеуметтік желіде Ирандағы тікұшақ апатынан қаза тапқандардың денесі тасымалданып жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның ақпарат агенттіктері мен журналистері Иран президенті Ибрахим Раиси мен өзге де үкімет өкілдері мінген тікұшақ құлаған жерден жаңа видео жариялады.

Жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, марқұмдардың денесін іздеу жұмыстары аяқталды. Қаза тапқандардың барлығының денесі апат орнынан Тебризге жеткізіледі. Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының (IRCS) басшысы Пир-Хосейн Куливанд мәлімдеді.

«Тікұшақта болған барлық жолаушының денесі жедел жәрдемге жеткізіліп, Тебриз зиратына жеткізіледі», - деп жазды Tasnim агенттігі.