$ 494.87  520.65  4.91

Екі оқушы қыз кәмелет жасына толмаған баланы ұрып-соғып, тонаған

Ұялы телефонын, күміс сақинасын және жемпірін иемденген.

Фото: Pikabu.ru
Фото: Pikabu.ru

Жәбірленушінің мүлкін ашық түрде тонау мақсатында алдын ала сөз байласып әрекет еткен екі қыз 500 000 теңгенің затын ұрлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астаналық оқушы қыздар кәмелетке толмаған М.-ді ұрып-соғып, ұялы телефонын, күміс сақинасын және жемпірін иемденіп алған.

Алдын ала сөз байласуы арқылы жәбірленушінің мүлкін ашық түрде тонады деп айыпталған екеуіне сот үкімі шықты.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәләрдің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, алу хаттамаларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Екі оқушы қызға кәмелеттік жасқа толмағандары және кінәларын мойындағаны ескеріле отырып, бірін 3 жылға, екіншісін 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сот үкімімен К. және Д. ҚК-нің 19-бабы 2-бөлігінің 1,3) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот К.-нің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы белсенді рөлін және кәмелеттік жасқа толуын ескере отырып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру;

ал сотталушы Д. кәмелеттік жасқа толмағандықтан және залалды өз еркімен өтегендіктен, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Жәбірленушінің азаматтық талап қоюы қанағаттандырылды, сотталушылардан келтірілген материалдық залал мен моральдық зиян сомасы өндірілді, - делінген қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары