$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда суға кеткен 17 жастағы қыздың денесі табылды

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Қарақия ауданы Құрық ауылында суға кеткен 2002 жылы туған жасөспірім қыз бүгін табылды. Құтқарушылар сағат 12:00-ге таман оның денесін судан алып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Қыздың мәйіті «Ерсай» ЖШС кеме жасау зауытының маңынан табылған. Суға кеткен қыз баланы іздеуге 16 құтқарушы, 5 техника және 3 суда жүзу қайығы тартылған. 

Естеріңізге сала кетейік, 5 тамыз күні Құрық ауылында 17 жасар екі қыз бен 16 жастағы жасөспірім суға кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары