$ 447.4  477.55  4.76

Көк-Төбедегі өрт: зираттардың бірі жанып кетті

Желі қолданушысы хабарлағандай, оттан негізінен шөп басқан қараусыз қалған қабірлер зардап шекті.

Алматыда Көк-Төбе баурайындағы өрт кезінде зираттардың бірі жанып кетті. Өртеніп кеткен зираттардың суреті Berik Baishev есімді ер адамның Facebook-парақшасында жарияланды деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысы хабарлағандай, оттан негізінен шөп басқан қараусыз қалған қабірлер зардап шекті. Кеуіп қалған өсімдіктер Көк-Төбе жағынан жел әкелген ұшқыннан тез жанған.

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамыз күні Көк-Төбе баурайында екі өрт шықты.

Tengrinews.kz жазғандай, өрттен Батыс зираттың бір гектары, яғни екі жерлеу учаскесі зардап шекті. От қатты желдің салдарынан зиратқа ұшқан.

Өрттің бірінің орнында қайтыс болған адамның денесі табылды.

12 тамыз күні алматылықтар Көк-Төбедегі жаңа өрт туралы хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #өрт