$ 514.65  544.6  5.17

Педофилден зорлық көрген бала психиатриялық емханаға жатқызылды

32 жастағы Ринат Түсжановтың 6 жасар қызға қарсы бірнеше рет зорлық әрекетін көрсеткені анықталды. Бұған қоса, ол қызды егер біреуге айтқан жағдайда анасын өлтіремін деп қорқытып келіпті.
фото: Tengrinews.kz
фото: Tengrinews.kz

Алматыда бірге тұрып келген әйелдің қызын зорлаған өгей әке жазаға тартылды. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ата-анасы екі досымен бірге 14 жасқа толмаған қызын зорлаған. Бұл туралы "Немолчи.кз" қорының белсенділері әлеуметтік желіде жазба қалдырды. “НеМолчи.Дети” қоғамдық қорының директоры Алмат Мұхамеджанов "Время" басылымының тілшісіне оқиға жайлы толық мәлімет берді. 

32 жастағы Ринат Түсжановтың 6 жасар қызға қарсы бірнеше рет зорлық әрекетін көрсеткені анықталды. Бұған қоса, ол қызды егер біреуге айтқан жағдайда анасын өлтіремін деп қорқытып келіпті. 

Тергеу барысы қыздың өзіне де, анасына да ауыр тиіпті. Алмат Мұхамеджановтың айтуынша, күдіктінің туыстары тарапынан қысымға түскен әйелдің басқа қалаға көшуіне тура келіпті. Олар әйелдің күдіктімен тұрмай тұрып 4 еркекпен кездескенін айтып, оның моральдық жағдайына нұқсан келтірмекші болыпты.

"Әйелдің қанша еркекпен жүргені - оның өз шаруасы. Бала некесі қиылған ата-аналардың отбасында дүниеге келген. Ананың баласына деген сүйіспеншілігін жеткіншекті алғаш көргеннен байқадық. Әйелдің қызының тәрбиесі мен күтімін мұқият қарағаны аңғарылады. Қыз баланың сөздік қоры бай, өз ойын анық жеткізді. Бірақ, көрген қорлығының салдарынан бала күйзеліске тап болған. Тіпті, психиатриялық емханаға жатып шыққан.

Қыздың басқаларға, әсіресе, ер-азаматтарға деген сенімі жоғалыпты. Ал өзімен қатарлас ұл балаларға агрессиялық қылықтар танытады. Онымен психолог мамандар жұмыс істеуде. Дегенмен, әйелдің жалақысы аз болғандықтан, алдағы уақытта қызының емін төлей алмайтын секілді", - деді “НеМолчи.Дети” қорының директоры. 

Сот Ринат Түсжановты кінәлі деп тауып, оны 17 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса, ол 75 750 теңге көлемінде жәбірленушілер қорына айыппұл төлеп, 461 791 теңге тергеу ісіне кеткен шығын көлемін өтеуі қажет. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары