Архангельскте 17 жастағы екі бойжеткенді құрбыларын өлтіріп тастағаны үшін айыптауда. Олар оны "іші пысып кеткендіктен" өлтірген көрінеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ол кезде 16 жаста болған қыздар, жазалау жоспарын интернет арқылы толығымен құрастырып шыққан. Хат жазысу арқылы олар кісі өлтіру құралдарын және мәйіттен құтылу тәсілдерін қарастырған.
Қылмыс болған жерден резеңке қолғаптар мен тазалағыш заттар табылды.
Олар құрбыларына тап беріп, шабуылдағаннан кейін түк болмағандай, қыдырып кетіпті. 20 желтоқсан жұма күні оларға айып тағылды.
Енді бойжеткендер алдын ала сөз байласып, асқан қатыгездікпен жасаған кісі өлімі үшін 20 жылға бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.
Тергеу комитетінің мәліметінше, екі қыз да тұрмысы жақсы, тату отбасының балалары, осы уақытқа дейін ешқандай тәртіп бұзбаған.