$ 498.34  519.72  4.85

Дәрігерді балағаттаған әйелдің ВИДЕОсы қайда түсірілгені белгілі болды

Баланың анасы біз жазып бергеy емдеу нұсқасына наразылық танытып, екпе салуды талап етті.

Желіде бала ұстаған әйелдің дәрігерді балағаттан видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны көрсеңіздер, қолына бала ұстаған әйелдің дәрігерді балағаттағанын аңғаруға болады.

"Осында емделушілердің кері іс-әрекетінен 1 айдың ішінде 4 дәрігер қызметінен кеткен. Бір айда төрт баланың денсаулығын тексеру барысында ЖРВИ диагнозы қойылған, дене қызуы - 36,5°C болды. Баланың анасы біз жазып берген емдеу нұсқасына наразылық танытып, екпе салуды талап етті. Науқастар өз дегенін орындамағаны үшін біздің дәрігерлермен осылай сөйлесуін, балағаттап, ұрып-соғуын қашанға дейін жалғастырады", - делінген  әлеуметтік желіде жарияланған жазбада. 

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері болса, аталмыш видеожазбаның Қырғызстанда түсірілгенін алға тартып отыр. Бішкек қаласының денсаулық сақтау басқармасы 24.kg басылымына берген сұхбатында оқиғаның қай ауруханада болғаны тексеріліп жатқанын айтқан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрігер