$ 448.89  477.93  4.76

Букмекерлік кеңсенің есігін сындырып кіріп, ұрлық жасағандардың әрекеті ВИДЕОға түсіп қалды

Алты теледидар алғаны белгілі болды.

Таразда букмекерлік кеңсені тонағандар ұсталды, деп  хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 қаңтар 2020 жылы таңғы сағат 05: 00-де Тараз қаласы Полиция Басқармасының  жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы Әбіл Азат облыс орталығы көшелерін қарау кезінде бейнебақылау камералары арқылы белгісіз заттарды тасып жүрген күдікті адамдарды байқап қалған.

Инспектор бұл ақпаратты патрульдік бригадаға хабарлап, оның қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Сол сәтте букмекерлік дүкенге ұрлыққа түскен үш жас жігітті ұстады.

Күдіктілерді анықтау барысында патрульдік полиция қызметкерлері 19 және 20 жастағы жігіттер есікті сындырып букмекерлік кеңсеге заңсыз кіріп, алты теледидар алғаны белгілі болды.     

Қазір ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары