Ставропольск өңірінің тергеушілері қызын әлеуметтік желі арқылы сатып жіберген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы РФ-ның аймақтық тергеу басқармасы хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"36 жастағы әйелдің үстінен "жаңа туған баласын сатып жіберді" деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Тергеушілердің мәліметінше, 2019 жылдың қыркүйегінде жүкті әйел желтоқсан айында дүниеге келетін (ішіндегі әлі дүниеге келмеген баласын) өзінің баласын сатуға шешім қабылдаған.
"Әйел жүкті кезінде әлеуметтік желілердің біріне баласын сататыны туралы хабарландыру жариялаған. Оның хабарландыруына басқа бір әйел жауап қайтарған екен", - дейді құқық қорғау органдарының мәлімдемесінде.
Келісімге сәйкес, 2019 жылдың желтоқсан айында күдікті өзінің жаңа туған қызын келісімге келген әйелге 440 мың рубльге сатқан, деп хабарлады тергеу комитеті.
Қазір жаңа туған сәби медициналық мекеменің бақылауында. «Қылмыстық іс бойынша, Тергеу комитетінің тергеушісі қажетті фактілерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде», - деп хабарлайды тергеу комитеті.