Жамбыл өңірінде қорадағы малға қасқыр шапты. Бұл жолы бір қожалықтың 200-ден астам қой мен ешкісін қырып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Оқиға Талас ауданының Қызыләуіт ауылы маңында болған. Малдың иелері таланған қойлардың жартысын сойып үлгеріп, арам қатқандарын өртеп жіберіпті. Келген шығын әлі есептеліп жатыр. Қазір төңіректегі ауыл тұрғындары шығынға батқан шаруаға «жылу» жинауды бастап кеткен.
Бұдан бөлек, Павлодар облысының орталығынан 16 шақырымдық жердегі Кемеңгер ауылында да қасқырлар қораға шауып, 8 қойды қырып кеткен. Бұл – өңірде жарты айда тіркелген екінші дерек. Мамандардың сөзінше, биыл қыста қардың қалың болуына байланысты, жыртқыштар қоректі ауыл ішінен іздеуге кіріскен.
Статистика бойынша, Ертіс өңірінде қасқырдың 200-ден астам түрі бар екен. Ал олар ауылға келген жағдайда, тұрғындар ешқайсысын ата алмайды. Себебі, рұқсат жоқ.