Қызылорда облысында Самара-Шымкент тас жолында полицейлер белгісіз баланы тапты, ол түнгі уақытта жол бойында жалғыз өзі кезіп жүрген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер Шиелі ауданындағы Сунақ ата ауылының маңында баланы байқаған. Оны дереу полиция бөлімшесіне жеткізіп, ата-анасы туралы сұрай бастаған.
Тоғыз жастағы бала көлікте ата-анасымен бірге кетіп бара жатқанын айтты. Жол-жөнекей көлік аялдап, ата-анасы сыртқа шыққан. Бала да көлік тоқтағанын сезіп, ұйқылы-ояу сыртқа шыққан.
Ата-анасы баласының көліктің артқы бөлігінде отыр деп, ары қарай жүріп кеткен.
Баламен сөйлескеннен кейін, полицейлер оның ата-анасын іздей бастаған. Кейінірек баланың ата-анасы табылды. Полицейлер баланы әке-шешесіне тапсырды. Олар сол кезде ғана өз салғырттығынан баласынан айырылып қалуы мүмкін екенін сезінген.
Олар Ресей азаматтары екен және Тәжікстанға қарай бағыт алған. Олар баланың ата-анасы екені туралы барлық құжатты көрсеткен.