Оқиғалар 07.02.2020 сағат 23:20

Ақмола облысының теміржол жөндеушілері 8 қасқырға жем бола жаздады

Алғашқыда «ауыл иттері ме?» деп ойлаған.
Ақмола облысының теміржол жөндеушілері 8 қасқырға жем бола жаздады
Фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақмола облысында теміржол жөндеушілері қасқырлардан әрең қашып құтылған. Бейқам жұмысын істеп жүрген оларға сегіз қасқыр тап беріпті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Үш жұмысшы қос рельстің арасын қардан тазартып жатыпты. Олардың бірі омбы қарда бұқпантайлап жортып келе жатқан бірнеше хайуанды байқап қалады. Алғашқыда «ауыл иттері ме?» деп ойлаған. Бірақ азулы аң жақын  беттегенде түз тағысын айнытпай таныпты. Ол жанұшырып сол жердегі орманға жетіп, ағаш басына шығып үлгереді. Қасқырлар ағаш басындағыларға жетпесін білсе де, торуылдап ұзақ жүріпті.

Суыт хабарды естіген Ақкөл станциясынан жеткен көмек тобы теміржолшыларды құтқарып қалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар