$ 514.65  544.6  5.17

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша азық-түлік алуға келген әйелдер қырылып қалды (ВИДЕО)

Әйелдерге балаларға арналған азық-түліктер, оның ішінде, ботқа, сүт, печенье берген.

Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тарату барысы жанжалға ұласты. Бұл оқиға 25 ақпанда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Мына видеодағы әйел дауысынан оқиғаның атаулы әлеуметтік көмек аясында азық-түлік тарату кезінде болғанын білуге болады. Әйелдерге балаларға арналған азық-түліктер, оның ішінде, ботқа, сүт, печенье үлестірген.

"Әйелдер мұны алу үшін емізулі және мүгедек балаларын үйінде қалдырып келуге мәжбүр. Бізге қамқорлық жасап жатқан мемлекетке рақмет. Бірақ, азық-түлікті алу үшін кезекте тұру керек", - дейді видео авторы.

Оқиға туралы Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнар Хайрлиева түсінік берді.

"Ұрысып-керіс болып жатқан жоқ. Екі әйел ғана өзара жанжалдасып қалған", - деді Хайрлиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары