$ 445.66  474.58  4.78

ШҚО-да автобус пен жүк көлігі соқтығысып, оқушылар зардап шекті

«Бір қыз баланың жағдайы ауыр. Бас сүйегі сынған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Тағы екеуінің миы шайқалған», - дейді дәрігер.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысында ауыр жүк көлігі мен мектеп оқушыларына лық толған жолаушылар автобусы бетпе-бет келіп, соқтығысты. Сегіз бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қоғамдық көлікте Шемониха ауданына жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған. Балалар мінген автобусты жол патрульдік полицясының көлігі бастап бара жатқан екен.

Болжам бойынша, Howo жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, жолға көлденең тұра қалған. Оған автобус келіп соғылады. Апаттан автобустағы 8 бала зардап шекті. Оның біреуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

«Бір қыз баланың жағдайы ауыр. Бас сүйегі сынған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Тағы екеуінің миы шайқалған. Қалғандарының жағдайы орташа, өмірлеріне қауіп жоқ», - дейді Өскемен қалалық Ана мен бала орталығы директорының орынбасары Милана Хамитова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары