$ 494.87  520.65  4.91

Сақалын қырудан әбден мезі болған қыз жынысын ауыстырмақшы

Күніне екі рет қырынады.
Фото: ainews. kz
Фото: ainews. kz

Сақалын қайта-қайта қырып әбден мезі болған бойжеткен жынысын ауыстырмақшы. Ол Вирджиния штатына қарасты Фармвилл қаласының сақалды тұрғыны - Кайопа Джейд Марджа. Daily Mail-дің хабарлауынша, сақалды қалпында өзін қабылдап үйренуге көндіккен қыз жынысын ауыстыру жайлы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кайопа Джейд Марджа - 23 жаста. Колледж студенті. Ол гисрутизм мен поликистозды аналық без синдромына шалдыққан. Бойжеткен кішкентайынан денесінде өсетін қара шаш және артық салмақ, шаштың түсуі секілді мәселелермен күресіп келеді. Денсаулығы мен сырт келбетіндегі осындай ерекшеліктері үшін оны мектепте сыныптастары мазақтаған.

 Қыз сақалы тез өсетіндіктен, үнемі өзімен бірге арнайы ұстара алып жүреді. Күніне екі рет қырынады. Сондықтан ол, жынысын өзгерту туралы ой келген. Себебі бойжеткен жігіттердің бетіндегі сақал анағұрлым әдемі, тартымды көрінеді деп ойлайды.

Сақалды қыз - 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қырынуды мүлдем доғарған. Оның бұл әрекетін кейбіреулер ерсі санаса, ал біреулері оны үлгі тұтады екен. Марджа болса, әлемде жақсы адамдар көп екеніне сенімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары