$ 444.22  476.38  4.82

19 жастағы мұғалімді зорлаған күдіктінің бұрын да сексуалды сипаттағы қылмыс жасағаны белгілі болды

Ауыл тұрғындары қылмыскер жазасыз қалуы мүмкін деп қорыққан.
Фото: labur.by
Фото: labur.by

 Павлодар облысында мектепке бара жатқан жас ұстазды зорлады деген күдікті, бұған дейін де қылмыстар жасағаны белгілі болды. Бірақ тараптардың татуласуымен іс сотқа жетпей жабылып келген. Күдіктіні полицейлер бүгін таңертең көрші ауылдан тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.

 Оқиға Аққулы ауданына қарасты Майқарағай ауылында, сейсенбі кешкісін болған. 19 жастағы жас ұстаз сабаққа әзірленбек болып, мектепті бетке алған. Өйткені ауылда ғаламтор тек білім ордасында ғана ұстайды. Ауылдасы осы сәтті пайданалған. Зардап шегуші күдіктіні танымайтындығын айтыпты. Бұл туралы «Не молчи.kz" қоғамдық бірлестігінің жетекшісіне жәбірленуші мен оның туыстары хабарлаған. 

 "Ол оны бос қалған әкімдіктің ескі ғимаратына сүйреп апарып, зорлаған.  Содан түгел ауыл жиналып, қылмыскерді іздепті. Таба алмаған соң, біздің бірлестікке хабарласты. Өйткені, ауыл тұрғындары қылмыскер жазасыз қалуы мүмкін деп қорыққан.  Себебі, бұған дейін де осыған ұқсас жағдай болып, күдікті жазадан сытылып кетіпті", - деді "Не молчи KZ" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Смайылова. 

Күдіктіні тәртіп сақшылары бүгін таңертең көрші ауылдан тапты. Ол да Майқарағай ауылының 30 жастағы тұрғыны. Бұрында ауылдастарының біріне сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткені және мал ұрлағаны үшін істі болған. Алайда, бұл қылмыстар тараптардың татуласуынан сотқа жетпей жабылып отырған. Полицейлер күдікті өз кінәсін мойындағанын жеткізді.     

"Аққулы ауданына қарасты Майқарағай ауылында сы факті бойынша ҚР ҚК 120, 121 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар экспертизалар тағайындалды", - дейді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов. 

Тағы оқи отырыңыз: Павлодарда 19 жастағы мұғалім мектептің жанында зорланды

Жергілікті атқамінерлер болған жайтқа байланысты жұмған аузын ашар емес. Біздің білуімізше бұл ауданда 3 ауылға бір учаскелік полициядан келеді. Ол маман тапшылығынан ба, әлде басқа себебі бар ма? Ол жағы бізге білгісіз. Дегенмен бірлестік жетекшісінің сөзінше, жас маман Майқарағай мектебіне көрші ауылдан қатынап жұмыс істеп жүрген.   
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары