"Өзбекстандық жеңіл жүрісті қыздар коронавирус жұқтырған" деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz, Lada.kz дерегіне сілтеме жасап.
Таяуда Желіде Ақтауда ықшам аудандардың бірінде пәтер жалдаған екі өзбекстандық қыздың коронавирус жұқтырғаны туралы мәлімет тарады. Сондай-ақ, олардың жезөкшелікпен айналысатыны айтылды.
"Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Жалған мәліметтер тарауы мүмкін. Бірақ расталған мәліметтердің тек сенімді дереккөздерден алынатынын білу маңызды. Жалған мәлімет таратқандар жазаланады", - деді полицейлер.