$ 440.9  475.95  4.82

«Жамбасы сынып, миы шайқалған»: ақтаулық тұрғын полицейді көлікпен қағып өте шықты (ВИДЕО)

Қазір оған қатысты адам қаққаннан бөлек, карантин тәртібін бұзғаны үшін де қылмыстық іс қозғалды.

Ақтауда блок-бекетте тұрған тәртіп сақшысын көлік қағып кетті. Ол жүйткіп келе жатқан көлікті тоқтатпақ болған. Полицейді қаққан жүргізуші кезекшілікте тұрған адамды «байқамай қалдым» деп ақталып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Карантинге қарамастан, қас қарая көше кезіп, бөгеттен өтпек болған 54 жастағы тұрғын екен. Ол қымбат көлігімен алдынан шыққан тәртіп сақшысын қағып өтеді. Кезекшілікте тұрған 22 жастағы полицейдің жамбасы мен сүйектері сынып, миы шайқалған. Қазір ауруханада ем алып жатыр.

Ал үйіне асыққан жүргізушіні әзірге қолхатпен жіберген. Көлігін айып тұрағына қойды. Қазір оған қатысты адам қаққаннан бөлек, карантин тәртібін бұзғаны үшін де қылмыстық іс қозғалды.

«Жол сақшысының жараланғаны анықталды. Сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген болатын. Миы шайқалған, аяғы жарақаттанған. Сонымен қатар, мойны, тағы бір жерлері жарақаттанғаны туралы дәрігер-фельдшерге айтып берген», - дейді Маңғыстау облыстық ДСБ баспасыөз хатшысы Нұрбол Оқуов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары