$ 494.87  520.65  4.91

Елордада басына пакет киген жігіт көшеде әйелді ұрып-соғып, тонап кетті

Бұған дейін оның осындай қылмыс жасап, сотталғаны белгілі болды.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Ер адам түс кезінде жұмысына бара жатқан әйелге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әйел Ш. Қалдаяқов көшесінің бойындағы көпірге жете бергенде басына көк пакет киген ер адамды байқаған. Ол жолын кес-кестеп, ұрып-соғып, тонап кеткен. Әйел әмиянындағы барлық қолма-қол ақшаны – 3 мың теңгені шығарып берген. Кейін ол белгісіз жаққа кеткен» делінген хабарламада.

Көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған қаскүнем басынан пакетті шешіп, қашып кеткен. Алайда, полиция қызметкерлері 1988 жылғы күдіктіні 15 минутта ұстады.

Бұған дейін оның осындай қылмыс жасап, сотталғаны белгілі болды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті осы адамнан зардап шеккен азаматтардың Алматы аудандық полиция бөліміне (Бөрілі көшесі, 18-үй) немесе 8 (7172) 97-28-88, «102» қызметіне хабарласуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары