$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстанда бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Кінәлі адамдарға «тау, құрылыс немесе жарылу қаупі бар жұмыстардың қауіпсіздік ережелерін бұзды» және «қызметіне салғырттық танытты» деген айыптар тағылады.

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апатқа кінәлі адамдарға «тау, құрылыс немесе жарылу қаупі бар жұмыстардың қауіпсіздік ережелерін бұзды» және «қызметіне салғырттық танытты» деген айыптар тағылады. Бұл туралы осы елдің Бас прокуратурасы мәлімдеді.

Қазір Өзбекстанда 400 құтқарушы төтенше жағдайдың салдарын жоюмен айналысып жатыр. Бұл іске Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері, Ұлттық ұлан сарбаздары мен басқа да қызметтердің күштері жұмылдырылды.

Дамба маңындағы елді мекендерден 70 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Коммуникациялық желілер мен ауылшаруашылық алқаптарға зақым келгені белгілі. Ташкенттен Самарқанға апарар жол да сол себепті жабық. Ол өңірге Янгиер және Жизақ арқылы айналып өтуге болады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары