$ 494.87  520.65  4.91

«Түркістан облысының 10 ауылын су басты»: президент Өзбекстанмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты

Мақтаарал ауданының 3,6 мың гектардан астам егістік алқабын су басып, 404 миллион теңге шығын келген.
фото: jasqazaq.kz
фото: jasqazaq.kz

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында Түркістан облысындағы жағдайға байланысты жазба жариялады. Айтуынша, қазір Түркістан облысының 10 ауылын су басып, 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан үкіметімен келіссөздер жүргізілуде», деп атап өтті мемлекет басшысы.

Тағы оқи отырыңыз: Мақтаарал ауданындағы су басу салдарынан болған шығын есептелуде

«Өзбекстан біз жаққа бір тамшы су да бармайды деген» - Сәкен Қалқаманов

Еске сала кетсек, 1 мамыр күні таңғы сағат 05:10-да Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кеткен болатын. Соның салдарынан, Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының 3,6 мың гектардан астам егістік алқабын су басып, 404 миллион теңге шығын келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары