$ 446.49  475.38  4.79

«21 мың теңге әлеуметтік көмекті алып беремін» деп тұрғындардан 50 мың теңге алған алаяқ ұсталды

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 400 мың теңгені құрады.
фото: ernur.kz
фото: ernur.kz

Түркістандық алаяқ "21 мың теңге әлеуметтік көмек алып беремін" деп 10-ға жуық тұрғынды алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс жігіт "мемлекет тарапынан беріліп жатқан "21 мың теңге арнаулы әлеуметтік көмекті алып беремін" деп 50 мың теңге алған.

 Ақшаны алғаннан кейін алаяқ хабарсыз кеткен. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қалалық Полиция басқармасына тіркеліп, күдікті іздестірілді. Қалалық полицейлер екі күн ішінде жиналған ақпарат көздері арқылы алаяқты ұстады. Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек осындай сегіз жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 400 мың теңгені құрады. 

Күдікті қамауға алынды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бейтаныс адамдарға сенбеңіздер. Кез-келген мемлекеттік бағдарлама бойынша құжат тапсырарда тікелей мамандар көмегіне жүгіну керек. Алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, "102" телефонына шұғыл түрде хабарласыңыз. Тез арада берілген ақпарат қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары