$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда іздестіріліп жатқан бозбаланың мәйіті таудан табылды

Қазір тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалып отыр.

Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы Ілияс Егізбаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, жас жігіт 19 мамырда жоғалып кеткен болатын. Туыстарына серуендеуге кетіп бара жатқанын айтып, сол сәттен кейін байланысқа шығуды тоқтатқан. Туыстары құқық қорғау органдарына хабарласты. Іздеу екі күнге созылды.

Ал 21 мамыр күні Ілияс Егізбаевтың мәйіті табылғаны белгілі болды. Алматы қаласының Полиция департаменті оны таулы аймақтан тапқандарын мәлімдеген. Қазір тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары